Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Мысалы, ғылым, әдебиет және өнер туындылары. Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Мысалы, қойылымдар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының эфирлері.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.